20.07.2009

«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына!

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылғы 21 шілдеде болған акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімдері туралы хабарлайды. 

 

Дауыс беруге қатысқан дауыстардың саны 2 761 709 дауыс (дауыс беруші акциялардың жалпы санынан 76,71 %).

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

 

 

1.

1) Есеп комиссиясының сандық құрамы 5 адам болып бекітілсін.

2) Есеп комиссиясының мүшелігіне тіркеуші – «Регистраторская система ценных бумаг» АҚ-тан 3 адам және «Рахат» АҚ-тан 2 адам енгізілсін.

3) Есеп комиссиясының өкілеттік мерзімі тұрақты болып белгіленсін.

4) Есеп комиссиясы мынадай құрамда сайлансын:

 

Есеп комиссиясының төрағасы – «РСЦБ» АҚ өкілі – Машақов Қайрат Сәдуақасұлы

Есеп комиссиясының мүшелері: 

«Рахат» АҚ өкілі Жуйко Ольга Сергеевна

«Рахат» АҚ өкілі Басарова Айсұлу Жалғасқанқызы

«РСЦБ» АҚ өкілі Мұсабекова Жазира Советқызы

«РСЦБ» АҚ өкілі Өміралиева Құралай Бектұрсынқызы.

 

Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 3 600 000. Дауыс беруге – 2 761 709 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 751 016 дауыс; «қарсы» – 1 000 дауыс; «қалыс қалған» – 8 493 дауыс.

 

 

2. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы Басқарманың есебі және 2009 жылға дамуының негізгі бағыттары бекітілсін. 

 

Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 3 600 000. Дауыс беруге – 2 761 709 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 750 456 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалған» – 10 053 дауыс. 

 

 

3. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы жылдық аудиттеліп топтастырылған қаржылық есептілігі бекітілсін.

Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 3 600 000. Дауыс беруге – 2 761 709 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 749 166 дауыс; «қарсы» – 2 850 дауыс; «қалыс қалған» – 8 493 дауыс.

 

 

4. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы 1,673,087 мың теңге (бір миллиард алты жүз жетпіс үш миллион сексен жеті мың теңге) мөлшеріндегі таза табысы өндірісті дамытуға бағытталсын.

Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 3 600 000. Дауыс беруге – 2 761 709 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 742 176 дауыс; «қарсы» – 12 240 дауыс; «қалыс қалған» – 7 293 дауыс.