11.06.2009

Special Olimpics

«Рахат» АҚ қайырымдылық акциялары – кәсіпорынның жалпы әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

 

Халықаралық балаларды қорғау күнінде мұндай акцияларды өткізу алматылық кондитерлердің дәстүрлі дағдысына айналды.

 

«Болашақ» балалар – жасөспірімдер клубтарының Мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігі өткізген «Балалар ғаламшары» фестивалінің екі мыңнан астам қатысушылары тәтті сыйлықтар иеленді.

 

«Special Olympics Kazakhstan» Алматы филиалы 400 мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағында спорттық шаралар өткізді. Жарыс аяқталғаннан кейін жас спортшылар «Рахат» АҚ-ынан сыйлық жиынтықтарын алды.