Менеджмент жүйелері

«Рахат» АҚ-да ИСО 9000 сериялы стандарттар негізіндегі сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) дайындалып, енгізілген және сертификатталған. Сапа менеджменті жүйесі – бұл кәсіпорынның процестерін басқару жүйесі. Бүгінгі сатып алушы тауарға ғана емес, оны өндіруші компанияға да қарайды. Тауарды таңдау кезінде ол жиі жағдайда «Жақсы ұйымдастырылып, басқарылатын компания жақсы өнім өндіреді» қағидасын ұстанады.

Дұрыс жолға қойылып, қызмет ететін СМЖ мыналарға кепілдік береді:

  • өнім сапасының тұрақтылығы;
    • компаниядағы процестердің басқарылуы;
    • компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуы.

Сапа менеджменті жүйесі өнім сапасына ғана қатысты болып қоймай, кәсіпорын қызметінің барлық салаларын қамтиды. Бұған жабдық пен техниканы дұрыс қолдану да, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндеттерін сапалы орындауға жауаптылығы да, тұтынушылардың ұсыныстары мен сын-пікірлерін ескеру де, сондай-ақ шикізаттың әкелінуі мен дайын өнімнің шығуын тұрақты әрі үздіксіз бақылау да кіреді.

Жыл сайын кәсіпорында инспекциялық аудиттер, ал әр 3 жыл сайын сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкестігін растауға бағытталған қайта сертификаттау аудиттері жүргізіледі. 2019 жылдың маусымында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МЖ СРО-ның Алматы филиалы сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкестігін кезекті мәрте растады. ҚР СТ ISO 9001 – 2016 талаптарына сәйкестікті растайтын және 17.06. 2022 жылға дейін әрекет ететін № KZ.7500318.07.03.00457 сәйкестік сертификаты берілді.

2013 жылы HACCP (Hazard analysis and critical control points – тәуекелдерді талдау және шектік бақылау нүктелері) қағидалары негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару жүйесі енгізіліп, оның ҚР СТ 1179-2003 талаптарына сәйкестігі сертификатталды. 2019 жылдың маусымында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МЖ СРО-ның Алматы филиалы HACCP қағидалары негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару жүйесінің талаптарға сәйкестігін және № KZ.7500318.07.03.00458 сәйкестік сертификатының 17.06.2022 жылға дейінгі әрекет ету мерзімін растады. «Рахат» АҚ-да НАССР жүйесінің енгізілуі кәсіпорынның тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы белгіленген заңнамалық талаптарға сәйкестігін растап, көрнекі түрде көрсетті.


«Рахат» акционерлік қоғамы 77 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы ең ірі кондитерлік өнім өндірушілердің бірі болып табылады.

Кондитерлік өнімдердің алғашқы өндірісі 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында, соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан эвакуацияланған жабдықта ұйымдастырылды.
«Рахат» АҚ-да шамамен 4 500 адам жұмыс істейді.

Өндірістік қуаттар Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда орналасқан.

Әмбебап өндіріс сипаты, оның ауқымы және какао бұршақтарын өндіру бойынша жеке тораптың болуы компанияға отандық өндірушілер арасынан кондитерлік өнімдердің ең кең сұрыпталымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Рахат» АҚ-ның сұрыпталымдық портфелі әртүрлі 14 топқа жатқызылатын әр алуан кондитерлік өнімдердің 400-ден астам атауын қамтиды.

«Рахат» АҚ диабеттен зардап шегетін адамдарға арналған арнайы өнімдердің шығарылу процесін игерген Қазақстандағы жалғыз кондитерлік кәсіпорын болып табылады. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және қанттың орнына оған ұқсас табиғи шикізат қолданылатын шоколадтың, кәмпиттердің, печенье мен вафельдердің бірнеше атауы кіреді.

«Рахат» АҚ өнімдерін Қазақстандағы басқа кондитерлік өнім өндірушілердің өнімдерінен ажырататын бірегей ерекшелік – мұнда әр алуан шоколад өнімдерін шығаруға басымдықтың берілуі.

Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілікке және сапаны кешенді бақылау жүйесіне негізделетін ішкі сапа жүйесі енгізіліп, әрекет етеді. Бұл жүйе бойынша өндірістің әр кезеңінде шикізат пен өнім сапасын бақылау көзделеді. Кәсіпорында 2013 жылдан бастап сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификатталған.

2013 жылы HACCP (Hazard analysis and critical control points – тәуекелдерді талдау және шектік бақылау нүктелері) қағидалары негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару жүйесі енгізіліп, оның Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1179-2003 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігі сертификатталды.

«Рахат» АҚ-да НАССР жүйесінің енгізілуі кәсіпорынның тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы белгіленген заңнамалық талаптарға сәйкестігін растап, көрнекі түрде көрсетті.

2016 жылдан бастап «Рахат» акционерлік қоғамы Халал талаптарына сай келетін өнімдерді шығару құқығына ие болды. «Қазақстанның Халал Индустриясы» қауымдастығы «Рахат» АҚ өнімдерінің 186 атауының Халал стандартына сәйкестігін растады, соның ішінде шоколадтар, кәмпиттер, карамель, печенье, ирис, вафельдер, сондай-ақ шоколад өндірісінің жартылай фабрикаттары бар. Қауымдастықтың сарапшылары «Рахат» АҚ-дағы өндіріс кезеңдерінің барлығын тексерді, сондай-ақ Шымкенттегі өндірістік алаңда тексеру жұмыстарын жүргізді. Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттерге қатысты құжаттарға жан-жақты талдау жасалды.

Біздің өніміміз отандық нарықта да, таяу және алыс шетел нарықтарында да жақсы танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықтағы барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету саясатын ұстанады. Компанияның 18 қалада, соның ішінде 14 облыс орталығында өнімдерді тарату жүйесі бар болғандықтан, «Рахат» АҚ-ның сату географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Алматы қаласы бойынша өнімдерді тарату ірі көтерме сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

Республиканың басқа аймақтарында «Рахат» АҚ өнімдерінің қолжетімділігі сапалы фирмалық өнімдер саудасын жүзеге асыратын кең дистрибьюторлық желілерді (еншілес ұйымдар) құру арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда «РАХАТ» АҚ өнімдері тек Қазақстан нарығында ғана емес, республика шегінен тыс та, нақтырақ айтқанда Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия аумағында да сатылады. «Рахат» АҚ өнімдеріне ТМД-ның өзге республикалары  мен алыс шетелдің де қызығушылық танытуына байланысты, компания келешекте өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту арқылы сату нарықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жыл сайын кәсіпорында жаңа жұмыс орындары құрылуда, өндіріс тұрақтылығы қамтамасыз етілуде және жалақының үздіксіз өсуі байқалуда. Қызметкерлермен арадағы өндірістік қатынастар Жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шарт негізінде құрылады, ҚР Еңбек кодексінің барлық талаптарының, соның ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларының сақталуы қамтамасыз етіледі. Компанияның қызметкерлері үшін толыққанды әрі өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалады. Бірінші, екінші және үшінші ауысым жұмыскерлеріне ыстық тамақ беретін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер жұмыс істейтін медициналық санитарлық бөлім қарастырылған. Жүйелі негізде әртүрлі бейінді мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүзеге асырылады, мемлекеттік тілді меңгеру курстары ұйымдастырылған.

2013 жылы Оңтүстік Кореяның жетекші кондитерлік компаниясы LOTTE Confectionery «Рахат» АҚ акцияларының негізгі пакетін сатып алды. 2015 жылы LOTTE Confectionery «Рахат» АҚ-ның қолданыстағы акцияларын сатып алу арқылы өз үлесін 92,44 %-ға дейін ұлғайтты.