16.11.2020

Qazaqstan Óneri

Қымбатты достар!

«Рахат» кондитерлік  компаниясы «ART FUTURE» мәдени және шығармашылық  тұрғыдан даму  платформасымен бірге әзірлеген «Qazaqstan Óneri»  атты  айрықша  жобасын  ұсынады. Оның мақсаты – еліміздің қазіргі заманғы, бай мәдениетімен  көпшілікті  таныстыру  және  қазақстандық дарынды тұлғалардың  қайталанбайтын  өзіндік қолтаңбасы бар көркемдік стилін тануға  ден қою.  «Qazaqstan Óneri» топтамасы мынадай кәмпит терден  құралған:

1.  «Поздравляю!» премиум  санатындағы кәмпит  түрлері.  Жиынтық  трюфель салмасы бар, нәзік, жаңғақты пралине кәмпиттерден, шоколад  глазурі  жалатылған мармелад  пен  ақ глазурьмен  жылтыратылған  крем-брюледен тұрады.

2.  «Құттықтаймыз!» помада салмасы бар шоколад кәмпиттер жиынтығы. Шоколад түрлері мерекелік  көңіл-күй сыйлап, кез келген  дастарханның  ажарын  аша түседі.  Көркем безендірілген қаптама –  жайлылық  пен  жылулықтың, ұлттық  нақыштың көрінісі.

3. «Рандеву» салмасы бар шоколад кәмпиттердің шағын  жиынтығы. Олардың  алуан  түрлі  дәмі ең  талғампаз  тәттіқұмарлардың  өзін тамсандыратыны  анық. Көркемсуретті  қаптама  қазіргі заманғы Қазақстан өнері  әлеміне бастағандай болады.

4. Сапасымен қоса айрықша  дәмімен  есте қалатын, сан ұрпаққа сонысымен  әйгілі, сүйікті «Казахстанский» тақта шоколады. Ерекше үлгімен  жасалған қаптама  Қазақстанның қазіргі заманғы бай мәдениетінен  сыр шертеді.

«Qazaqstan Óneri»  – әрбір сәтке мән беру, бағалау  және ғажап әсерге бөлену өнері!