12.02.2014

«Продэкспо»

«Продэкспо» – Ресей мен Шығыс Еуропадағы ресейлік және халықаралық азық-түлік нарығына қатысушылардың, барлық деңгейдегі мемлекеттік биліктің, кәсіби эксперттік қоғамдастықтың айрықша назарындағы, жалпы көлемі 135 мың ш.м. қамтитын тамақ өнімдерінің ірі көрмесі. 3

2014ж. 10 ақпаннан 14 ақпанға дейін “Экспоорталық” ОКК-де өткен 21-інші халықаралық “Продэкспо-2014” көрмесінде ғаламның 63 елінен келген 2400 экспонент әлемдік азық-түлік нарығының әр алуандығын, тамақ және қайта өңдеу индустриясының жаңа технологиясы мен бағыттарын паш етті.

4 Көрме азық-түлік қоржынының көңіл толарлық келбетін айқындай түсті. Жоғары сапалы өнімдер қойылды. Сатып алушылар іріктеу мен бәсекенің артқанын аңғарып, таңдаудың ең жақсы тауарларға түсетініне куә болды.

Бөлек павильондарда кондитерлік өнеркәсіптің жетістіктері көрсетілді. Көрмеде әлемнің барлық елінен көптеген тауар өндірушілер таныстырылды. 5

Кондитерлік өнім өндірісінің майталмандарымен қатар «Рахат» АҚ көрмеге 5-інші рет қатысты. Көрме барысында жаңа әріптестермен қоса үзеңгілес серіктестермен де қызықты кездесулер және әр бағыт (110-ға тарта) бойынша келіссөздер өтті.

6 Біздің алуан түрлі өніміміз жан-жақты көрсетілді. Жеміс, жаңғақ салмасы бар карамельдер, өзектері құрамдастырылған кәмпиттер, «Казахстанский», «Рахат» шоколадтары дәмін көріп, сынау үшін қарапайым тұтынушылардан құралған мамандар мен бағалаушылардың талқысына түсіп, нәтижесінде келушілер жақсы ой қорытты.