03.07.2025
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев “ЛОТТЕ Рахат” АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Аталған іс – шараға Алматы қалалық мәслихатының «AMANAT» партиясы атынан депутаттар – Игорь Проценко мен Қарашаш Джузеева қатысты.
Сапар аясында қонақтар өндірістік цехтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын жұмыскерлерімен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жұмыс орындарын құру және сақтау, сондай-ақ жұмысшы кәсіптері бойынша жас мамандарды тартуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар туралы мәселелер талқыланды.
Депутаттар өндірісті жаңғырту деңгейінің және шығарылатын өнімдердің сапасының жоғарылығына айрықша назар аударды.