14.11.2010

«Рахат» АҚ бірден үш ірі халықаралық көрмелерде өзін таныстырды

Қараша айында «Рахат» Акционерлік Қоғамы бірден үш ірі халықаралық көрмелерде: «Петерфуд 2010» Санкт-Петербург қ., «UZSAGROEXPO -2010» Өзбекстан, Ташкент қ., «Продсиб – 2010» Ресей, Новосибирск қ. өзін таныстырды.

Қөрме

«Петерфуд 2010» бұрыннан бері Солтүстік-Батыста, «UZSAGROEXPO -2010» оңтүстік азия өңірінде, «Продсиб – 2010» барлық Сібір, Қиыр Шығыс және Ресейдің Орталық бөлігінде іскерлік байланыстар және тағам өнімдерінің қозғалысын жасауда басты алаң болып табылады.

Осы көрмелерде келушілер «Рахат» АҚ қазақстандық кондитер фабрикасының жоғары сапалы кондитерлік өнімдерінің дәмін татты, ал көптеген бизнесмендер өз тәжірибесінде біздің кәсіпорынмен ынтымақтастығының коммерциялық сәттіліктеріне көз жеткізе отырып, қазақстандық кондитерлік өнімдерді жеткізуге жаңа келісімшарттар жасауға асықты. Осылайша біздің өнімдердің жоғары сапалы және оның бәсекеге қабілетті екендігі тағы да айқындалды.

Бұрын жасалған байланыстарды нығайтумен қатар, біздің компанияда жаңа шетелдік серіктестер пайда болды, қараша айының ішінде көрсетілген өңірлерге кондитерлік өнімдерді жеткізуге көптеген жаңа келісімшарттар жасалды. Осыған байланысты жаңа 2011 жылы қазақстандықтар жақсы көретін «Рахат» таңбалы өнімдер Ресей және Өзбекстанның өте көптеген дүкендерінің сөрелерінен орын алады.

Осылайша, жақын арада туыстас республикаларға қыдырып барған отандастарымыз, қандай да бір себептермен тәтті сыйлықтарды алуды ұмытып кеткен болса, онда ол сыйлықтарды сол жерден сатып алып, туған Қазақстанынан алшақтағы өзінің туыстарын, достарын немесе әріптестеріне сыйлап, өзінің отанына деген мақтанышының ақталғандығын сезіне отырып, фабриканың өнімдерінің таныс дәмімен рақаттана алады.