18.12.2010

«Қазақстанның үздік тауары»

Астана қаласында 18 желтоқсанда өткен «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық байқау-көрмесінде жеңімпаздарды марапаттау салтанатында «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Рахат» АҚ (кондитерлік өнімдерді өндіру, Алматы облысы) компаниясы жеңімпаз болды.

Бұл аталым бойынша 60 қазақстандық өндіруші-компаниялар қатысты. «Рахат» АҚ жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерінің арқасында Қазақстанның үздік кәсіпорны ретінде танылды. «Рахат» АҚ өндіретін өнімдердің жоғары тұтынушылық қасиетін Қазақстанда оларды тұтыну көлемінің жыл сайын артуы дәлелдей түседі. Оған қоса тағам өнеркәсібі бойынша түрлі мамандардың сараптама бағалары бұл өнімнің өз саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейіне сәйкестігін растайды. Қатаң түрде анықталған көрсеткіштердің көптігі бойынша мұндай бағалау нәтижесінде фабриканың кондитерлік өнімдері бірнеше рет түрлі байқаулар мен аталымдардың жеңімпазы болды. Диплом

«Қазақстанның үздік тауары» Республикалық байқауы өз кезеңінде қазақстандық компаниялар арасында шын мәніндегі мәртебелі жарысқа айналды.

Қазақстан тауарларының сапасы мәселелерін ел басшылығы бірінші орынға қойып отыр. Біздің өндірушілер жұмыстың жаңа жағдайларына дайын болуы қажет. 2011 жылы Қазақстан, Ресей және Белорус Кедендік одағының шекарасы ашылады. Бәсеке қатаңырақ бола түседі. Ал өндірушілерге үш ел аумағында тұратын 170 миллион адам арасынан өзіне тұтынушылар табу үшін байыпты қадам жасау шағы туды.