01.12.2012

«Өрлеу» байқауының «Үздік әлеуметтік серіктес – 2012»

«Рахат» акционерлік қоғамы 2012 жылы 30 қарашада Қазақконцерт ғимаратында өткен «Өрлеу» байқауының «Үздік әлеуметтік серіктес – 2012» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Байқауды Алматы қ. Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақпараттық қор орталығы» ҚҚ ұйымдастырды.
«Өрлеу» байқауы экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық қызмет саласында айтарлықтай табысқа жеткен әрі Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық тұрмыс-тіршілігіне өлшеусіз үлес қосқан ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдардың) көшбасшыларын, бизнес, мемлекеттік құрылымдар өкілдерін қоғамдық және моральдық тұрғыда бағалап, көпшілікке танытуды көздейді.