06.06.2012

«Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттаудың XII рәсімі өтті

2012 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында С.Ю.Романовская басқаратын «Қазақстан тұтынушылары лигасы» дәстүрлі түрде өткізетін «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттаудың XII рәсімі өтті. Қазақстандық тұтынушылар арасында өнімдері жиі сұранысқа ие болған ҚР үздік тауар өндірушілері, сондай-ақ кейбір шетелдік компаниялар өкілдері статуэткаға лайық деп танылды. «Рахат» акционерлік қоғамы марапатталғандар қатарынан тағы да көрінді. Фабрика қоржынындағы бұл жетінші сыйлық кондитерлік өнімдердің сапалық сонылығын айқындай түседі.«Мінсіз»2

Жеңімпаздарды құттықтау рәсімі марапатталған өндірушілердің өнімдерін аралап көріп, тағамнан дәм тату қоса жүргізілген «Metro» супермаркеті аймағында ұйымдастырылды. «Рахат» АҚ тәттіқұмарлардың талқысына екі түрлі дәм араласқан құрамдас кәмпиттердің 4 түрін ұсынды. Тұтынушылардың айтуынша, сұрыпталымның сан алуандығына қарамастан фабриканың әрбір өнімін бірден танисың және оның бірінші сынақтан-ақ алдыңғылар легінен көрінетіні даусыз. Алматы қаласындағы «Рамстор-Самал», «City Center» және «Mega» ойын-сауық кешендерінде өнімдерді сынау ашық түрде өткізілді.