02.02.2017

ISM-International Sweets Market

ISM-International Sweets Market жыл сайынғы, халықаралық кондитерлік өнімдер көрмесі Кельн қаласына кондитерлік индустрияның үздік өнім өндірушілерін жинады. Бұл – тәжірибе алмасу, жаңа тренділерді зерделеу мен өз өнімдерін көрсетуге арналған алдыңғы қатарлы көрме алаңдарының бірі.

«Рахат» АҚ, міне, 11 жыл бойы аталған іс-шараға қатысып, әлемнің кондитерлік нарығын қазақстандықтар ұнатқан тәттілермен таныстырып келеді. Тұтынушылар мен кондитерлік нарықтың кәсіби шеберлері арасында біздің стендіміздің аса танымал екендігін тағы да мақтанышпен атап өткен жөн.