28.04.2022

2022 жылғы 25 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы. Қоғамның жылдық жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамы туралы; 2021 ж. арналған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның аудиттен өткен топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы; «ЛОТТЕ Рахат» АҚ 2021 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы; «ЛОТТЕ Рахат» АҚ мен оның қызметтік тұлғаларының әрекеттері бойынша Акционерлердің өтініштері және оларды 2021 жылы қарау қорытындылары туралы.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша бірауздан қабылданды: «ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіті. Дауыс берді: «мақұл»- 3 442 192 дауыс немесе 100%, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша бірауздан қабылданды: Есеп комиссиясының мүшесі Жанат Ултанұлы Булегеновтың өкілеттілігі тоқтатылсын, есеп комиссиясының мүшесі болып Зарина Ширязданова Палганова сайлансын және енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, есеп комиссиясының құрамы бекітілсін: Есеп комиссиясының төрайымы: Светлана Геннадьевна Рябченко. Есеп комиссиясының мүшелері: Федорова Ксения Сергеевна, Омарова Алтынай Халыковна, Палганова Зарина Ширяздановна, Харлампиди Анастасия Константиновна. Дауыс берді: «мақұл»- 3 442 192 дауыс немесе 100%, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша бірауздан қабылданды: 2021 жылға арналған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың аудиттен өткен топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін. Дауыс берді: «мақұл»- 3 442 192 дауыс немесе 100%, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша бірауздан қабылданды: 1. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның 2021 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша алынған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның таза табысы мына тәртіппен таратылсын: – 2.008.800.000 (екі миллиард сегіз миллион сегіз жүз мың) теңге 00 тиын көлеміндегі таза табыстың бір бөлігі «ЛОТТЕ Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жіберілсін; – 1 (бір) жай акцияға 558 (бес жүз елу сегіз) теңге 00 тиын сомасында дивиденд мөлшері белгіленсін; – дивидендтерді төлегеннен кейін қалған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ таза табысының бір бөлігі бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген пайдасы шотында қалдырылсын. 2.Дивидендтерді төлеудің мына тәртібі мен нысаны белгіленсін: дивидендтер төлеуді бастау күні-2022 жылғы 05 мамыр; дивидендтерді төлеу мерзімі белгіленбесін; дивидендтерді алуға құқылы акционерлердің тізімін жасау мерзімі – 2022 жылғы 25 наурызда; дивидендтерді төлеу Қоғамның мекенжайы бойынша қолма-қол тәртіпте немесе қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады; дивидендтерді төлеу төлем агентін тартпай жүзеге асырылады. Дауыс берді: «мақұл»- 3 442 192 дауыс немесе 100%, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша бірауздан қабылданды: «ЛОТТЕ Рахат» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының іс-әрекеттері бойынша «ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционерлерінің өтініштері және оларды 2021 жылы қарау қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын. Дауыс берді: «мақұл»- 3 442 192 дауыс немесе 100%, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалды» – жоқ.