22.09.2021

Акционерлерге арналған ақпараттық хабарлама

Алматы қ., Зенков к-сі, 2a  мекенжайы бойынша орналасқан  «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2021 жылғы 29 сәуірдегі Қоғам акционерлерінің жылдық жиналысының сырттай дауыс беру  шешіміне сәйкес 2020 жылғы қызмет нәтижелері  бойынша бір жай акцияға шаққанда 1683 (бір мың алты жүз сексен үш) теңге 00 тиын көлеміндегі Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеудің аяқталғанын хабарлайды.

Дивиденд алуға құқылы акционерлер тізіміне сәйкес Қоғамның жай акциялары бойынша төлеуге жататын дивиденд сомасы – 2021 жылғы 29 сәуір 00:00-дегі жағдай бойынша 6 058 800 000 (алты миллиард елу сегіз миллион сегіз жүз мың) теңге 00 тиын.

Қоғамнан дивиденд алу үшін немесе бағалы қағаздарды иеленушілер тізілімі жүйесінде өзекті / тиісті деректемелері бар Қоғам акционерлеріне 2021 жылғы 17 мамырдан 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейінгі кезеңде нақты төленген дивиденд сомасы – 5 865 350 931 теңге (бес миллиард сегіз жүз алпыс бес миллион үш жүз елу мың  тоғыз жүз отыз бір) теңге 00 тиын.

Есептелген, бірақ  акционерлердің өзекті / тиісті  деректемелерінің болмауына байланысты жалпы сомасы 193 449 069  (жүз тоқсан үш мың миллион төрт жүз қырық тоғыз мың алпыс тоғыз) теңге 00 тиынды құрайтын дивиденд төлемі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талап етілмеген қаражатты есепке алу үшін 2021 жылғы 14 қыркүйекте «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ында ашылған  шотқа  аударылды.

Соған орай, Қоғамның жай акциялар бойынша есептеп аударған, бірақ алынбаған дивиденд төлемдерін алу үшін акционерлер «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ына мына мекенжайлар бойынша хабарласуы керек:

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының Бас кеңсесі:

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., “Самал-1” ықшамауданы, 28 үй.

 

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының қосалқы кеңселері:                     

  1. 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,Сәтбаев к-сі, 30/8 үй, “Тенгиз Тауэрс” тұрғын үй  . кешені;
  2. 050004/A05H8M5, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 65, № 100 кеңсе;
  3. 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., “Алматы” ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 13, “Нұр-Сәулет 2” БО, № 101 кеңсе.

 

Орталық депозитарий кеңселерінің телефон нөмірлері:

  1. Call-орталық: +7 (727) 312 33 04, +7 (777) 150 94 22 (тек «WhatsApp»)
  2. Алматы қ.:  +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
  3. Нұр-Сұлтан қ.: +7 (717) 269 70 40
  4. Жедел байланыс желісі (Қазақстан Республикасы бойынша қалалық және мобильдік байланыс телефондарынан қоңырау шалу тегін): 8 800 080 86 68
  5. Электрондық пошта: ccmail@kacd.kz, csd@kacd.kz