12.05.2021

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі «Рахат» АҚ акционерлерінің отырысы өткізілмей, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша 2021 жылғы 29 сәуірде болған Акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен онда қабылданған шешімдер туралы хабарлайды:

Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.

Күн тәртібінің «Қоғамның жылдық жалпы жиналысының Есеп комиссиясының құрамы туралы» екінші мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

Есеп комиссиясының мүшесі Далиман Серикбаевна Кисикованың өкілеттігі тоқтатылып, есеп комиссиясының мүшесі ретінде Ксения Сергеевна Федорова тағайындалсын және өзгерістерді ескере отырып, есеп комиссиясы мына құрамда сайлансын:

Есеп комиссиясының төрайымы:Светлана Геннадьевна Рябченко
Есеп комиссиясының мүшелері:Ксения Сергеевна Федорова
 Алтынай Халыковна Омарова
Жанат Ултанұлы Булегенов
Анастасия Константиновна Калтурумиди

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционелер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.

Күн тәртібінің «Рахат» АҚ атауының өзгеруі туралы» үшінші  мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

  • “Рахат” акционерлік қоғамы былайша жаңа атауға өзгертілсін:

Толық атауы:

а) қазақ тілінде: «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы;

б) орыс тілінде: Акционерное общество «ЛОТТЕ Рахат»;

в) ағылшын тілінде: «LOTTE Rakhat» Joint Stock Company.

Қысқартылған атауы:

а) қазақ тілінде: «ЛОТТЕ Рахат» АҚ;

б) орыс тілінде: АО «ЛОТТЕ Рахат»;

в) ағылшын тілінде: «LOTTE Rakhat» JSC.

            Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ .

Күн тәртібінің «Жарғыны жаңа редакцияда (мазмұнда) бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

  1. Жаңа мазмұндағы Қоғам Жарғысы бекітілсін.
  2. Жарғыны уәкілеттік органдарда тіркеу бойынша  іс-шаралар және басқа да қажетті іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылсын.
  3. “Рахат” акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Константин Викторович Федорецке Қоғам Жарғысына қол қоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге байланысты кез келген басқа да іс-қимылды жүзеге асыруға және кез келген басқа да құжаттарға  қол қоюға уәкілеттік берілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –  жоқ .

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ-тың 2020 жылғы топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» бесінші мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

  • Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ 2020 жылғы топтастырылған  қаржылық есебі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.  Жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау.  және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы» алтыншы мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

  1. «Рахат» АҚ-ның 2020 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша алынған «Рахат»АҚ-ның таза табысын мынадай тәртіппен бөлінсін:
  • таза табыстың 6.058.800.000 (алты миллиард елу сегіз миллион сегіз жүз мың) теңге 00 тиын көлеміндегі бөлігі «Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын;
  • 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 1 683 (бір мың алты жүз сексен үш) теңге 00 тиын мөлшерінде белгіленсін;
  • «Рахат» АҚ дивиденд төленгеннен кейін  қалған  таза табысы бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген  табысы  шотында қалдырылсын.
  1. Дивиденд төлеу тәртібі мен түрі былайша белгіленсін:
  • дивиденд төлеудің басталу күні – 2021 жылғы 17 мамыр;
  • дивиденд төлеу мерзімі белгіленбесін;
  • дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2021 жылғы 29 сәуір;
  • дивиденд төлеу Қоғам орналасқан жерде қолма-қол ақшалай төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізілсін;
  • дивиденд төлеуге төлем агенті қатыспайды.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  Кванг Хён Пэктың (BAEK KWANGHYEON)  өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» жетінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

  • «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  Пэк Кванг Хён (BAEK KWANGHYEON) өкілеттігі осы шешім қабылданған күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –  жоқ.

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы» сегізінші мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

  • «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып  Хванг Сонг Ук (HWANG SUNG-WOOK) сайлансын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –  жоқ.

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  мен  оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2020 жылы қарау қорытындылары туралы» тоғызыншы мәселесі бойынша бірауыздан мына  шешім қабылданды:

  • «Рахат» АҚ мен  оның  қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары  және  оларды 2020  жылы қарау қорытындылары туралы мәліметтер ескерілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 817 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 817 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –   жоқ.