12.05.2021

«Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы «Рахат» АҚ акционерлеріне ақпараттық хабарлама

«Рахат» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Рахат» АҚ) акционерлерінің Акционерлердің жалпы жиналысы отырысын өткізбей, 2021 жылғы 29 сәуірде болған жылдық жиналысының сырттай дауыс беру бойынша шығарған шешіміне сәйкес «Рахат» АҚ жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы акционерлерге мынаны хабарлайды:

  1. Қоғамның атауы – «Рахат» АҚ;
  2. Қоғамның мекенжайы – 050002, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а;
  3. Банк деректемелері – «Рахат» АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ  АҚФ,    БСК KCJBKZKX,  ЖСК KZ648560000000112913;
  4. Дивиденд төленетін кезең – 2020 жыл;
  5. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 1683 (бір мың алты жүз сексен үш) теңге 00 тиын;
  6. Дивиденд төлеудің басталу уақыты – 2021 жылғы 17 мамыр;
  7. Дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2021 жылғы 29 сәуір;
  8. Дивиденд төлеу Қоғамның ғимаратында қолма-қол ақшалай төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізіледі;
  9. Байланыс телефондары: қабылдау бөлімі  +7(727) 258-47-11,   бірлескен мәселелелер жөніндегі маман  +7(727) 258-47-14.

ДИВИДЕНД  ТӨЛЕУГЕ  АРНАЛҒАН  ҚҰЖАТТАРДЫ  ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ  «РАХАТ» АҚ  АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ  ХАБАРЛАМА.

 «Рахат» АҚ дивиденд алу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет екенін хабарлайды:           

  • қолма-қол ақшасыз алу үшін банк шоты көрсетілген анықтаманың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін тапсыру қажет. Аталған құжаттарды тікелей өзіңіздің тапсыруыңызға немесе «Рахат» АҚ, A25T0D2 (050002), Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2а мекен жайына пошта арқылы жіберуге болады.
  • қолма-қол ақшалай  алу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын тапсыру керек.

Байланыс тел.: бірлескен мәселелер жөніндегі басқарушы + 7 (727) 258-47-14.