20.02.2016

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі өз акционерлеріне «Рахат» АҚ атқару органы орналасқан: 050002 Алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша өтетін жылдық жалпы жиналыстың шақырылғаны және 2016 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де мына күн тәртібі бойынша өтетіні туралы хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы. 
2. «Рахат» АҚ-ның аудит тексерісінен өткен, 2015 жылғы топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы. 
3. «Рахат» АҚ-ның 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. 
4. Жаңа мазмұндағы «Рахат» АҚ Жарғысын бекіту туралы. 
5. «Рахат» АҚ-ның және оның қызметтік тұлғаларының қызметіне қатысты акционерлердің өтініштері және олардың 2015 жылғы қаралу қорытындысы туралы. 

Акционерлерді тіркеудің басталу мерзімі 2016 жылғы 29 наурыз, сағат 08.00. 
Акционерлерді тіркеудің аяқталу мерзімі 2016 жылғы 29 наурыз, сағат 10.00. 
Жиналмаған жағдайда «Рахат» АҚ акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысы 2016 жылғы 30 наурызда, сағат 10.00-де аталған мекенжай бойынша осы күн тәртібімен өткізіледі. 
«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру мерзімі 2016 жылы 14 наурыз. 
Акционерлер күн тәртібі бойынша материалдармен 2016 жылғы 17 наурыздан бастап сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін мына мекенжай: Алматы қ. Зенков к-сі, 2а бойынша орналасқан «Рахат» АҚ-ының ғимаратында таныса алады. 
Анықтама телефоны: 8 (727) 258-47-14