29.03.2019

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес өз акционерлеріне «Рахат» АҚ-ының атқарушы органы орналасқан мына мекенжай: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а бойынша 2019 жылы 30 сәуірде, жергілікті уақытпен сағат 10.00-де төмендегі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналыстың шақырылатынын және өткізілетінін хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Рахат» АҚ 2018 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған, қаржылық есебін бекіту туралы.
3. «Рахат» АҚ 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акцияларға дивиденд төлеу бойынша шешім қабылдау және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы.
4. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Ёнгхо Юннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
5. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорын сайлау туралы.
6. «Рахат» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері және оларды 2018 жылы қарау қорытындылары туралы.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2019 жылғы 30 сәуір, сағат 08.30.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 2019 жылғы 30 сәуір, сағат 10.00.
Қатысушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, «Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2019 жылы 02 мамырда, сағат 10.00-де, аталған мекенжайда сол күн тәртібі бойынша қайта өткізіледі.
«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2019 жылғы 10 сәуір.
Акционерлер Алматы қ. Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша орналасқан «Рахат» АҚ ғимаратында 2019 жылғы 12 сәуірден бастап күн тәртібінің материалдарымен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін таныса алады.
.
Анықтама телефоны: 8 (727) 258-47-14.