05.10.2014

FOODWEEK UZBEKISTAN 2014

FOODWEEK UZBEKISTAN 2014

«Foodweek Uzbekistan» көрмесі – Өзбекстан мен Орта Азиядағы тамақ өнеркәсібінің маңызды әрі танымал көрмелерінің бірі.

Көрме Өзбекстанның азық-түлік нарығына қатысушылардың, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік өкілдерінің, сараптама қоғамдастығы кәсіби мамандарының басты назарында.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар 2014 ж. 24-26 қыркүйек аралығында Ташкент қаласындағы «Өзбекэкспоорталығында» өткен «Foodweek Uzbekistan» көрмесінде аталған ел нарығына арналған, таңдауға түскен алуан түрлі тамақ өнімдерін жайып салды.

Көрме осы өңірдегі азық-түлік нарығының шынайы көрінісінен хабар берді. Онда сапасы жоғары, алуан түрлі өнімдер қойылды. Сатып алушылар таңдау мен бәсекенің артқанына, үздік тауарлардың таңдалатынына көз жеткізді.2

Өзбекстан мен Орта Азияның жетекші өндірушілерінің қатарында «Рахат» АҚ көрмеге төртінші рет қатысты. Көрме алаңында бұрынғы және жаңа серіктестермен түрлі бағыттағы ынтымақтастық туралы келелі кездесулер мен келіссөздер өтті.

Біздің өнімдеріміз көрмеде кеңінен көрсетілді. Мамандар мен қарапайым тұтынушылардан құралған бағалаушылардың талқысына жеміс, жаңғақ салмасы бар карамельдер, өзегі құрамдастырылған кәмпиттер ұсынылды. Нәтижесінде көрмеге келушілер өнімдерімізге өз бағаларын берді.