10.05.2016

Ұлы Жеңіс мерекесі

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Рахат» АҚ Ұлы Отан соғысы және еңбек майданы ардагерлерін құттықтады. Бізге Жеңіс сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсету – компанияда көп жылдардан бері қалыптасқан ізгі дәстүр. Кондитерлік фабрикада еңбек еткен көптеген қызметкерлер соғыстан соң туған кәсіпорнына оралып, кейін құрметті демалысқа шықты. Бүгінде, өкінішке орай, қатары сиреген ардагерлерді әрдайым ардақ тұтатын компания ұжымы мамыр мерекесінде оларға сыйлықтар тарту етеді.Ұлы Жеңіс мерекесі … .

Медеу, Түрксіб, Жетісу аудандық Ардагерлер кеңесінің, фашизм құрған ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары Алматы қалалық ұйымының, Ленинград қоршауында болғандар Алматы қалалық ұйымының, Алматы қ. әскери-теңіз флоты ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің, сонымен қатар Наурызбай ауданы «Ардагерлер ұйымының» ардагерлеріне «Рахат» АҚ атынан жылы лебізге толы құттықтаулар жолданып, мерекелік дастарханға арналған сыйлық жиынтықтары тарту етілді.