18.07.2014

Сапа көшбасшысы 2014

Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижелері бойынша «Рахат» АҚ Қазақстан Республикасындағы какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірумен айналысатын ірі кәсіпорындар арасында көшбасшы ретінде танылды. Таңдаулы құрмет белгілері – ресми «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификаты мен «Сапа көшбасшысы 2014 (Лидер отрасли 2014)» ескерткіш медалі «Көшбасшы» атағын тиісті түрде дәлелдей түсті. Ұлттық бизнес-рейтинг – 2002 жылдан бере қолданылып келе жатқан және кәсіпорын қызметі тиімділігін бағалау бойынша жетекші, коммерциялық емес, жалпы мемлекеттік рейтинг ретінде ТМД елдері мен Кедендік одаққа кеңінен танымал, кешенді рейтинг жобасы.