










Продэкспо 2018
Мәскеу қаласында өткен 25- інші халықаралық «Продэкспо-2018» азық-түлік көрмесінде «Үздік өнім-2018» халықаралық байқауы өтті. Фабрикамыздың байқауға жіберілген барлық 11 өнімі:
– «Рахат с вишней», «Рахат 65%;70%; 80%» , «Казахстанский» шоколадтары
-«Трюфельные», «Рахат» кәмпиттері
-«Мармелад в шоколаде» мармелады
-«Рахат» карамелі
-«Рахат карамельные» вафлясы мен «Рахат со вкусом пломбира» вафля түтікшелері үшін алтын медаль берілді!

Рахат АҚ – Жылдың ұлттық брендісі
«Рахат» АҚ «Жылдың ұлттық брендісі», L’Officiel және L’OfficielHommes аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

ПРОДЭКСПО 2017
«Рахат» АҚ Ресейдегі тамақ өнімдері мен сусындардың ең ірі «ПРОДЭКСПО» көрмесіне қатысты.

Алматы қаласының әкімдігі атынан қала әкімі Бауыржан Бәйбек 28-інші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 жарысын ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқаны үшін «Рахат» АҚ мен басқа серіктестерге алғыс білдірілген марапаттамалар тапсырды.
Алматы қаласының әкімдігі атынан қала әкімі Бауыржан Бәйбек 28-інші «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017» жарысын ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқаны үшін «Рахат» АҚ мен басқа серіктестерге алғыс білдірілген марапаттамалар тапсырды.

Ұлы дала елі 2016
«Рахат» АҚ «Алтын сапа» сыйлығы аясында «Ұлы Дала елі» біртұтас брендісін пайдалану құқығына ие болды.

Халық тұтынатын тауарлар сапасының көшбасшысы 2015
2015ж. 11 желтоқсанда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Индустриализация күні аясында өнім сапасы саласындағы «Алтын сапа» ұлттық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Рахат» АҚ «Халық тұтынатын тауарлар сапасының көшбасшысы» арнайы сыйлығына ие болды.

Халық маркасы 2015
«Рахат» АҚ тұтынушылардың құрметіне ие болған «Халық маркасы» атты жалпы ұлттық байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Рахат» сауда белгісі ең көп дауыс жинап, ресми түрде «Кондитерлік өнімдер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Қазақстанның үздік тауары 2015
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқаудың қорытындысы бойынша «Рахат» АҚ «Үздік тағамдық тауарлар» номинациясында 1 орынға ие болды.

WorldFood Kazakhstan 2014
«Рахат» АҚ «WorldFood Kazakhstan 2014» халықаралық көрмесі аясында өткен тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындардың «Үздік өнім WorldFood Kazakhstan 2014» 16-ншы кәсіби дегустациясына қатысты. Дегустацияға Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, профессор Ю.А. Синявскийдің басшылығымен тамақ өнеркәсібінің жетекші мекемелерінің жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарынан құралған сараптама комиссиясы қатысты. Байқау қорытындылары бойынша 1-орынға берілетін «Алтын медальді» төмендегі 8 аталым бойынша «Рахат» АҚ иеленді:
«Астана» шоколады
«Престиж ореховый» шоколады
«Престиж изюмный» шоколады
«Престиж орехово-изюмный» шоколады
«Рахат 65%» шоколады
«Сердцеедка марципан» кәмпиті
«Сердцеедка пралине» кәмпиті
«Сердцеедка» кәмпиті

Қазақстан брендін жетістікпен дамыту 2014
2014ж. 14 қарашада өткен жыл сайынғы VI Экономикалық форум аясында «Қазақстанның ірі компаниялары» рейтингі көшбасшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. 2013 жылғы «Эксперт-200-Қазақстан» рейтингі қорытындылары бойынша «Рахат» АҚ «Қазақстан брендін жетістікпен дамыту» аталымы бойынша жеңімпаз болып танылды. 2009 жылдан бастап құрылған рейтинг еліміздің экономикасы дамуының негізін құрайтын жетекші қазақстандық компаниялардың көрнекті тізімін көрсетеді.