23.04.2019

«РАХАТ» АҚ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУДАН ТАБЫСТЫ ӨТТІ

«Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығы шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, сондай-ақ шоколад өндіруде қолданылатын жартылай дайын өнімдерден құралған «Рахат» АҚ өнімдерінің 221 атауының «Халал» стандарты талаптарына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары «Рахат» АҚ қоса Шымкенттегі  кәсіпорынның  барлық өндіріс сатыларын тексерді. Кондитерлік өнімдер шығарылатын шикізаттар мен ингредиенттер бойынша құжаттамаларға мұқият талдау жүргізілді. 2019ж. 28 наурызда  қолданыс мерзімі 2020 жылғы 27 наурызға дейін белгіленген № 472 сертификат берілді. 2019 жылғы 30 наурызда «Рахат-Шымкент» ЖШС қолданыс мерзімі 2020 жылғы 29 наурызға дейін белгіленген № 471 сертификатты иеленді.