09.04.2026

“ЛОТТЕ РАХАТ” АҚ ХАЛАЛ СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУДАН СӘТТІ ӨТТІ.

“Қазақстан Халал индустриясы” қауымдастығы  “ЛОТТЕ Рахат” АҚ  Халал өнімдерінің, оның ішінде шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, драже, сондай-ақ шоколад өндірісінің жартылай фабрикаттарының стандартқа сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары  “ЛОТТЕ Рахат” АҚ өндірісінің барлық кезеңдеріне, оның ішінде Шымкенттегі өндіріс алаңына тексеру жүргізді. Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер бойынша құжаттамаға мұқият талдау жүргізілді. 2026 жылғы 28 наурызда қолданылу мерзімі 2027 жылғы 27 наурызға дейінгі № AHIKKZ – 472 сертификаты берілді. 2026 жылғы 30 наурызда “Рахат-Шымкент” ЖШС-не қолданылу мерзімі 2027 жылғы 29 наурызға дейін белгіленген №AHIKKZ – 471 сертификаты берілді.

Сертификат Халал ТОО Рахат-Шымкент 2026
АО «ЛОТТЕ Рахат 2026