20.09.2017

«HalalExpo 2017» 9- халықаралық тауарлар көрмесі

18-19 қыркүйекте Дубай қ. әлемнің 13 елінің өнімдері көрсетілген «HalalExpo 2017» 9- халықаралық тауарлар көрмесі өтті. HALAL жаһандық индустриясына арналған «HalalExpo» көрмесі аса ауқымды болып саналады. Бұл – Халал өнімдері саласындағы салалық сарапшыларға, трейдерлер мен кәсіпкерлерге арналған халықаралық платформа. «Халал» стандарты талаптарына сәйкес өнімдерін көрсетуге мүмкіндік берілген аталмыш көрмеге қатысқан «Рахат» АҚ осындай үлкен іс-шараға қатысуға шақырған ««KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ына және Дубай қаласы мен Солтүстік Әмірліктіктегі ҚР бас елшісі Мадияр Смадилович Менилбеков мырзаға алғыс айтады.