10.02.2017

28-інші «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017»

Алматы қаласының әкімдігі атынан қала әкімі Бауыржан Бәйбек 28-інші «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017» жарысын ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқаны үшін «Рахат» АҚ мен басқа серіктестерге алғыс білдірілген марапаттамалар тапсырды. Көптеген серіктестер қатарында болып, Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстан үшін ауқымды әрі маңызды «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017» сияқты іс-шараның бөлшегіне айналғанымызға біз қуандық. «Рахат» АҚ демеушілік көмек ретінде Универсиада мен оның қонақтарына арнап 8,5 тоннадан астам шоколад, печенье мен вафля берді. 2 тонна кондитерлік өнімдердің Универсиаданың спорт объектілеріндегі Атлетика ауылдарындағы «Универсиадаға-2017» жарысына қатысушыларды тамақтандыруға, сонымен қатар ресми іс-шаралар мен конференциялар және т.б. өткізуге арналғанын атап өткен жөн.Алматы қаласының әкімдігі …

Алматы қаласында өткен халықаралық студенттік қысқы ойындардың логотипі «Казахстанский» шоколады мен «На здоровье» печеньесі қаптамаларында бейнеленді. Жарыс бойы «Рахат» АҚ Атлетика ауылында сауда нүктесінің жұмыс істеуін ұйымдастырды. Тәттілердің алуан түріне қызығушылық артып, әр елден келген спортшылар біздің өнімдерімізді сатып алып, туған өлкелеріне кәдесый ретінде алып кетті.

Алматы қ. әкімі мен 28-інші «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017» жарысын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекцияға бізге сенім білдіргені және ілтипат танытқаны үшін алғыс айтамыз!