22.02.2015

«Үздік өнім 2015» халықаралық байқау

«Рахат» АҚ «Үздік өнім 2015» халықаралық байқауы аясында РФ Ауылшаруашылығы министрлігі мен Ресей ауылшаруашылығы қадағалау мекемелерінің қолдауымен өткен тамақ өнімдері, сусындар мен өндіріс шикізаттарына арналған 22-нші халықаралық «Продэкспо 2015» көрмесіне қатысты.  Күміс

Дегустацияға РФ Тамақ өнеркәсібі министрлігі мен Ауылшаруашылығы министрлігінің жетекші мекемелерінің жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарынан құралған сараптама комиссиясы қатысты.

Байқау қорытындылары нәтижесінде «Рахат» АҚ төмендегі 9 аталым:

– «Казахстанский» шоколады,

– «Рахат 65%» шоколады,

– «Рахат» 70% шоколады,

– «Рахат» 80% шоколады,

– «Сердцеедка марципан» кәмпиті,

– «Сердцеедка пралине» кәмпиті,

– «Сердцеедка» кәмпиті,

– «Кузнечик» карамелі,

– «Миндаль в сахаре» дражесі бойынша «Алтын медаль» мен «Күміс медальді»

жеңіп алды.