26.03.2010

Глазурленген помадалы кәмпиттерінің дәм тату

Наурыз айының екінші жартысында «Рахат» АҚ-ның № 1 және № 7 фирмалық дүкендерінде сатып алушылар арасында соңғы кезде өндіріске енгізілген «Махаббат», «Сафари», «Этюд» глазурленген помадалы кәмпиттерінің дәмсараптауы өткізілді. Сонымен қатар промоутерлер еркін түрде пікір алмаса отырып, кәмпиттердің түрлі дәмдік – хош иістік параметрлері, олардың атаулары, заттаңба дизайндары туралы алматылықтардың ойын анықтай алды. Сатып алушылардың осы кәмпит түрлерін ары қарай сатып алуға қатысты ойларын да білді.Тұтас алғанда дәмсараптау тұтынушылардың біраз тобын жаңа өніммен таныстырып қана қоймай, тұтынушылар қалауы мен күтетін жаңалықтары туралы маңызды ақпараттар алып, осы факторларды «Рахат» АҚ ассортименттерін жетілдіру жұмыстары кезінде ескеруге септігін тигізді.