08.11.2016

«Yummex Middle East» халықаралық көрмесі

«Рахат» АҚ 2016ж. 07 қарашадан 2016ж. 09 қарашаға дейінгі кезеңде Дубай қаласында (БАӘ) өткен «Yummex Middle East» халықаралық көрмесіне қатысты.

Жыл сайын өткізілетін “Sweets&SnacksMiddleEast” өңірлік жетекші көрмесі 2016 жылы “Sweets&SnacksMiddleEast” жаңа атауымен өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.«Рахат» АҚ 2016ж. …

«SweetsMiddleEast» көрмесінде халықаралық кондитерлік нарыққа ұсынылған барлық өнім түрлері көрсетілді. Дүние жүзінің әр елінен кондитерлік және тамақ өнімдерінің ірі өндірушілері, әлемнің 46 елінен келген 350-ден аса экспонент кәмпит, шоколад, тәттілер, балмұздақтар мен т.б. өнімдердің алуан түрін ұсынды. Көрмеге Таяу Шығыс, Еуропалық одақ және ТМД елдерінен қонақтар келді. Көрме форумына қатысушылар мен келушілер өз өнімдерін, технологиялық процеске енгізілген жаңалықтарды көрсетіп, жаңа өнімдермен танысты. «Рахат» АҚ көрме аясында жаңа өнімдерін көрсетіп, келушілер фабрикамыздың өнімдерінен дәм татты. «YummexMiddleEast» көрмесінде «Рахат» компаниясы ұсынған өнімдердің сапасын көрме қонақтары  «Рахат» АҚ 2016ж. …мен келушілер жоғары бағалады. Аталған көрмеге қатысу шетелдік серіктестермен әлеуетті ынтымақтастықты дамытуға жасалған маңызды қадам болды.