13.05.2015

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2015 ж.13 мамырда сағ. 10.00-де Алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша өткен «Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындыларын және ондағы қабылданған шешімдер туралы хабарлайды:

Күн тәртібінің «Есеп комиссиясы мүшесін сайлау туралы» бірінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

Есеп комиссиясы мүшесі ретінде Кисикова Далиман Серикбаевна сайлансын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.333.637 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.332.307 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалды» – 1.330 дауыс.

Күн тәртібінің «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мен «Рахат» АҚ Басқармасының 2014 жылғы жұмысы есебін бекіту туралы» үшінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:

Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мен «Рахат» АҚ Басқармасының 2014 жылғы жұмысы есебін бекіту туралы есебі бекітілсін және Директорлар кеңесі мен Басқарма «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мен «Рахат» АҚ Басқармасының 2014 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.331.197 дауыс; «қарсы» – 1.950 дауыс; «қалыс қалды» – 490 дауыс.

Күн тәртібінің «Қоғамның 2014 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:

Тәуелсіз аудиторлар есебі ескеріле отырып, Қоғамның 2014 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.333.637 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалды» – жоқ.

Күн тәртібінің «Қоғамның 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы» бесінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ жай акцияларына дивидендтер есептелмесін және төленбесін, «Рахат» АҚ 2014 жылы түскен 1 930 027 000 (бір миллиард тоғыз жүз отыз миллион жиырма жеті мың) теңге таза табысы «Рахат» АҚ бөлінбеген табыс шотында қалдырылсын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.328.577 дауыс; «қарсы» – 4.910 дауыс; «қалыс қалды» – 150 дауыс.

Күн тәртібінің «Акционерлердің «Рахат» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты 2014 жылғы өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы» алтыншы мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің 2014 жылғы өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат ескерілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3.333.637 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3.331.547 дауыс; «қарсы» – 1.990 дауыс; «қалыс қалды» – 100 дауыс.