04.12.2013

«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына!

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2013 жылғы 27 қарашада мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Зенков к-сі, 2А өткен акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

«Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешім қабылданды: 
– Күн тәртібі бекітілсін.
Дауыс беру қорытындылары:
Дауыс беруге 3 236 168 дауыс қатысты, «келіскендер» – 3 236 168, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ. 
463 дауысқа ие тіркелген 4 акционер жиналыста болмауына байланысты дауыс беруге қатыспады. 

«Есеп комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды: 
– Есеп комиссиясына Динара Тлеукабыловна Рахимова сайлансын және ол «Рахат» АҚ есеп комиссиясының құрамына алынсын. 
Дауыс беру қорытындылары:
Дауыс беруге 3 236 168 дауыс қатысты, «келіскендер» – 3 236 168, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ. 
463 дауысқа ие тіркелген 4 акционер жиналыста болмауына байланысты дауыс беруге қатыспады. 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үшінші мәселесі бойынша басым көпшілік дауыспен шешім қабылданды: 
– «Рахат» АҚ Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасына «Рахат» АҚ Жарғысындағы өзгерістер мен толықтыруларға қол қою уәкілеттігі берілсін. 
Дауыс беру қорытындылары:
Барлығы – 3 600 000 дауыс беруші акциялар; «келіскендер» – 2 769 022 дауыс немесе 76,9%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – 467 146 дауыс.
463 дауысқа ие тіркелген 4 акционер жиналыста болмауына байланысты дауыс беруге қатыспады. 

Күн тәртібінің «2006ж.14.12-да сайланған Директорлар кеңесі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды: 
– «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің – Шолпан Алтыбаевна Даулетованың, Жексембай Аргынгазинович Мейрембаевтың, Анатолий Висханович Попелюшконың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын және өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Директорлар кеңесі жүзеге асырған қызметі мақұлдансын. 
Дауыс беру қорытындылары:
Дауыс беруге 3 236 168 дауыс қатысты, «келіскендер» – 2 768 102, «қарсы» – 438 550, «қалыс қалғандар» – 29 516. 
463 дауысқа ие тіркелген 4 акционер жиналыста болмауына байланысты дауыс беруге қатыспады. 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы» бесінші мәселесі бойынша шешім қабылданды: 
1. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Но Манг Ко, Александр Сергеевич Зенков және тәуелсіз директор Юн Ёнгхо сайлансын..
2. Директорлар кеңесінің мүшелеріне берілетін ай сайынғы сыйақы мөлшері әрқайсысына 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде белгіленсін. 
Дауыс беру қорытындылары:
Дауыс беруге 3 236 168 дауыс қатысты, «келіскендер» – 2 797 168, «қарсы» – 450, «қалыс қалғандар» – 438 550. 
463 дауысқа ие тіркелген 4 акционер жиналыста болмауына байланысты дауыс беруге қатыспады.