02.10.2010

“Sweets China 2010” көрмесі

Осы күзде “Sweets China 2010” көрмесінің келушілері павильондардың бірінен «РАХАТ» акционерлік қоғамының цехтарында атақты алматылық маман – кондитерлері өндірген өнімдерді тағы да көріп және дегустация жасай алды.

“Sweets China” көрмесінің ерекшелігі оның басты ұйымдастырушысы “ISM” көрмелік брендінің иесі Кельн Мессе болып табылады. “ISM” маркасымен Германияның Кельн қаласында жыл сайын кондитерлік өнімдердің әлемдегі ең атақты көрмелері өткізіледі. Сондықтан Шанхай көрмесіне “ISM” –нен жоғары ұйымдастыру деңгейі, әр жоспардағы кондитер саласын жан-жақты қамту, экспоненттердің беделді құрамы ауысады. Бұл “Sweets China” ұзақ жылдарға табысты бизнес үшін сенімді көрме платформасы болуға және Қытай мен Азиядағы 3,4 миллиард халқы бар жалпы нарықтың өкілі болып табылып, өңірдегі маңызы жоғары қызметтегі байланыстарға мүмкіндік береді. Бұл ірі күш-қуат осы нарықты ресурстармен қамтамасыз ететін басқа да салалармен қатар кондитерлік өнімдер өндірушілері үшін тым тартымды. Біздің фабриканың жұмыскерлерінің экспозиция ұйымдастыру тәжірибесі бар болғандықтан және қытай көрме кешенінінің пәрмені мен спецификасын ескере отрырып, көрменің жалпы фактурасына өздерінің фактурасын тиімді орналастырып қана қоймай, оны керемет рәсімдеді.“Sweets China 2010”_2

РАХАТ АҚ стендтері көпшіліктен өздерінің жұмыс аудандарының сәтті пішіндерімен ерекшеленгендігін, көрме келушілері мен қатысушыларының көп бөлігін өзіне тартқан экспозициялық кеңістіктің рәсімделуін айта кеткен жөн. Ал осының барлығы өз кезегінде РАХАТ тәтті өнімдерімен жақынырақ танысып, нәтижесінде жасалған дегустациядан кейін сүйсінген пікірлеріне себепші болды. Көптеген жергілікті мамандар үшін шоколад өнімдерінің кең ассортиментімен танысу үлкен әсер қалдырды. Нағыз сапалы және тәтті шокалад біздің кәсіпорынмен жұмыс істейтін әріптестеріміздің болашақтағы коммерциялық табысқа деген сенімін арттыра түсті және көптеген қытай бизнесмендерінің біздің фабрикамен жұмыс істеуді бастауға жол ашты. “Sweets China 2010”_3

«Рахат» АҚ өнімдері шағын көтерме сауда фирмалары мен сауда кәсіпорындарының өкілдеріне бұрыннан танымал және таныс. Осы жылы осындай нақты өнімді сатып алуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді біз «Рахат» АҚ Суар және Кунминге қаласындағы (оңтүстік Қытай) әрекет етуші импортер-әріптесіне бағыттауға мүмкіндік алды.