18.10.2009

«Special Olympics Kazakhstan»

Қазан айында «Special Olympics Kazakhstan» «Рахат» АҚ қолдауымен ой өріс мүмкіндігі шектеулі 450 бала үшін спорттық шаралар өткізді. Әр түрлі аурулар нәтижесінде болған ментальді бұзылулардан болған шектеулерден кейін бұл балалардың оңай тапсырмаларды да орындау қиын. «Special Olympics» халықаралық өкіметтік емес ұйым мүгедек балалардың әр түрлі спорттық ойындарда өздерінің мүмкіндіктерін дамытатын және көрсететін, сол арқылы өздерін қоршаған ортаға тереңірек бірігуіне мүмкіндік беретін бірқатар жобаларды іске асырады.

Спорттық мейрам Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті және тартымды спорттық эстафеталармен жалғасты. Бұл балаларға жарысқа қатысу үшін батылдық, қарапайым спортшылардың олимпиадалық ойындарындағы байқау сияқты физикалық күш пен психологиялық бөгеттерден өтулері қажет. Бірақ бұл өздерін қоғамның толық мәнді мүшелері екендігін сезінуге және өздерінің бақытты тағдырын құруға деген оптимизмін көтеруге мүмкіндік береді.

Жарыс аяқталғаннан кейін балаларға «Рахат» фабрикасынан тәтті сыйлықтар табыс етілді. Осындай мейрам күндері мүгедек балалар мейірімді және қайырымды адамдардың жылуын, қайырымдылығы мен ықыласын қатты сезінеді.