Менеджмент жүйелері

«Рахат» АҚ-ында ISO 9000 сериялы стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп, енгізілген және сертификаттаудан өткізілген. Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін басқару жүйесі.

Қазіргі таңда өнімді сатып алушы тек тауарға ғана емес, оны шығаратын компанияға да назар аударады. Тауарды таңдау барысында ол «ұйымдастыру және басқару тұрғысынан мықты компанияның өнімдері де сапалы болады» деген принципке сүйенеді.

Нақты айқындалған және іс жүзінде қолданылатын СМЖ:

  • өнім сапасының тұрақтылығына;
  • компаниядағы процестердің басқарылуына;
  • компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуына кепілдік береді.

Сапа менеджменті жүйесі өнім сапасына ғана қатысты емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын, атап айтқанда жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әрбір қызметкерінің өз міндеттерін сапалы орындауы, тұтынушының сұраулары мен ұсыныс-пікірлерін ескеру, сонымен бірге түсетін шикізат пен шығатын дайын өнімнің сапасын үздіксіз бақылау сияқты ұғымдарды қамтиды.

Жыл сайын кәсіпорында инспекциялық аудит тексерісі өткізіледі, ал әрбір 3 жыл сайын сапа менеджменті жүйесіне сәйкестікті растау бойынша қайта сертификаттау аудиті өткізіледі.

2018 жылғы тамыз айында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО Алматы филиалы сапа менеджменті жүйесіне сәйкестікті тағы да растады.

ҚР ISO9001-2016 СТ талаптарына сәйкестік бойынша қолданыс мерзімі    2019 жылдың 22 маусымына дейін белгіленген № KZ 7500318.07.03.00457 сәйкестік сертификаты берілді.

2013 жылы компанияда ХАССП (HACCP-Hazard analysis and critical control points – қауіпті жағдайларды талдау және сындарлы бақылау нүктелері) қағидаттары негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі енгізіліп, ол  ҚР 1179-2003 СТ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкестік бойынша сертификаттаудан өтті.

Қауіпті жағдайларды талдау және сындарлы бақылау нүктелері арқылы тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын реттейтін «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО 021/2011 ТР Кедендік одақтың техникалық регламентін қабылдау және  қолдану  аталған  жүйені енгізуге негіз болды.

ХАССП жүйесінің «Рахат» АҚ-ына енгізілуі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында көзделген  заңнамалық талаптарға  сәйкестікті  растап, нақтылай түсті.

2018 жылдың тамыз айында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО Алматы филиалы ХАССП қағидаттары негізінде компанияда құрылған тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесінің сәйкестігін және № KZ 7500318.07.03.00458 сәйкестік сертификатының қолданылуын растады.