17.04.2020

«Рахат» АҚ дәрігерлерге қолдау көрсетуде

2020 жылғы 4 сәуірде «Рахат» компаниясы “Aqjurek” тәуелсіз бастамашылар тобының еріктілерін қолдау кезінде  Алматы қаласындағы № 1 қалалық аурухана, қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы, наркология орталығы, сонымен бірге фтизия-пульманология орталығы сияқты төрт  дәрігерлік көмек көрсету орталығына 500 кг-ға жуық өз өнімдерін жіберді.

Сабырхан Айдарханұлы Сансызбаев– қалалық № 1 клиникалық  аурухананың дәрігер-эпидемиологы, ол бір ай бойы осы ауруханада тұрып келеді, қала сыртында қалған өзінің отбасынан осынша уақыт жырақта.

Оған қоса дәрігер-терапевт Мөлдір Шәкірқызы Шарипова да  ауруханада қалып, екі аптадай уақыт, тәулік бойы жұмыс істеуде. Оның да өз балаларын көрмегелі біраз уақыт өтті. Біздің тарапымыздан берілген тәттілерді көріп, ол өзінің отбасын есіне алды:

«Тәтті тағамдар туған-туыспен, жақын адамдарыңмен дастархан басына жиналатын сәттерді еске түсіреді. Қиын сәттерде қолдау көрсеткен «Рахат» фабрикасының ұжымына алғысымды білдіремін. Мұндай кезеңдерде біз біргеміз. Дәрігерлер, медбикелер мен санитарлардың барлығы да 20 наурыздан бері осында, біздің отбасымыз қала сыртында тұрады, сондықтан оларды көрмейміз, тек телефон арқылы сөйлесеміз, отбасымызды сағынамыз, әрине!» – деді  Мөлдір Шарипова.

«Рахат» АҚ өкілдері де қазіргі күрделі әрі жауапты кезеңде зор денсаулық, күш-жігер тілей отырып, қиын да маңызды шараларды шешудегі іс-қимылдары үшін дәрігерлерге алғыс айтты.

Біздің бұл акциямыз – дәрігерлерімізге қолдау көрсету шарасына қосқан аз ғана үлесіміз, келешекте де біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырмақпыз.