08.10.2020

“Qazaqstan óneri” – әрбір сәтті пайдалану, бағалау және рақатқа бөлену өнері!

“РАХАТ” кондитерлік фабрикасы “ARTFUTURE” мәдени және шығармашылық платформасымен бірге “Qazaqstan óneri” атты айрықша жобаны ұсынады. Жобаның мақсаты – отандастарымызды қазіргі заманғы Қазақстан өнерімен таныстыру, сонымен бірге еліміздің бай арт-мектебін дамыту ісінде қазақстандық суретшілерге қолдау көрсету.

“Qazaqstan óneri” – үйіңіздің жанындағы дүкен сөрелеріне қойылған көркемсурет галереясы.

“Рахат” компаниясы шығаратын әйгілі «Казахстанский» шоколады, сонымен бірге бірнеше сыйлық жиынтықтары жеті қазақстандық автордың шығармаларын өз бойларына шақтап, өлшеп көреді. Суретшілерді үндестіру, үйлестіру, ойды жеткізу тәсілдерін табу, Қазақстан тарихы мен мәдениетін қазіргі нақышпен айшықтау тәрізді ортақ мүдде біріктіретіні сөзсіз.