09.02.2015

Продэкспо

«Продэкспо» – Ресей мен Шығыс Еуропадағы ресейлік және халықаралық азық-түлік нарығына қатысушылардың, барлық деңгейдегі мемлекеттік биліктің, кәсіби эксперттік қоғамдастықтың айрықша назарындағы, жалпы көлемі 135 мың ш.м. қамтитын тамақ өнімдерінің ірі көрмесі.

2015ж. 9 ақпаннан 13 ақпанға дейін “Экспоорталық” ОКК-де өткен 22-нші халықаралық “Продэкспо-2015” көрмесінде ғаламның 63 елінен келген 2400 экспонент әлемдік азық-түлік нарығының әр алуандығынан, тамақ және қайта өңдеу индустриясының жаңа технологиялары мен бағыттарынан хабар берді.

Көрме экономикалық өзгерістер кезеңіндегі азық-түлік нарығының шынайы келбетін айқындай түсті. Сатып алушылар іріктеу мен бәсекенің артқанын аңғарып, таңдаудың ең жақсы тауарларға түсетініне куә болды.

Жеке павильондарда кондитерлік өнеркәсіптің жетістіктері көрсетілді. Көрмеде әлемнің барлық елінен қатысушы көптеген тауар өндірушілер таныстырылды.

Кондитерлік өнім өндірісінің майталмандарымен қатар «Рахат» АҚ көрмеге 6-ншы рет қатысты. Көрме барысында жаңа әріптестермен қоса үзеңгілес серіктестермен де қызықты кездесулер мен әр бағыттағы келіссөздер өтті.

РФ-дағы серіктестермен ел экономикасындағы дағдарысқа қарамастан ынтымақтастықты жалғастыру туралы түбегейлі уағдаластықтарға қол жеткізілді.  «Продэкспо  2015 2»

Біздің алуан түрлі өніміміз жан-жақты көрсетілді. «Рахат» АҚ Ресей тұтынушылары арасында өзінің танымалдығын нақтылай түсті. Бұрын сұраныс төменгі деңгейде болған Ресейдің еуропалық бөлігіндегі сатып алушылар арасында өнімдерімізге деген көзқарастың көңіл тоғайтатынын айта кеткен жөн.

Жеміс салмасы бар «Абрикос», «Слива», «Лимон» карамельдері, жаңғақ салмасы бар «Кузнечик» карамелі, өзектері құрамдастырылған және бұлғанған «Әйгерім», «Қызыл таң», «Балапан» кәмпиттері, «Рахат» шоколадтары дәмін көріп, сынау үшін қарапайым тұтынушылардан құралған мамандар мен бағалаушылардың талқысына түсті. Нәтижесінде келушілер жақсы ой қорытып, тәттілердің дәміне жоғары баға берді.