05.05.2012

«Рахат» акционерлік қоғамының инсайдерлік ақпаратты пайдалану туралы ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Бұл ереже Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы қағаздар нарығы туралы талаптарына сәйкес әзірленген. 
1.2. Ереже «Рахат» АҚ (әрі қарай – Қоғам) инсайдерлік ақпаратты жалпы пайдалану тәртібін белгілейді. 
1.3. Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау мақсатында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану жағдайларының алдын алу және жолын кесу – осы Ереженің негізгі міндеттері.

2. ИНСАЙДЕРЛІК АҚПАРАТ

2.1. Қоғам қызметі, Қоғамның акциялары мен басқа бағалы қағаздары және онымен жасалған мәмілелер туралы жалпылай ортақ қолданысқа жатпайтын және жария ету Қоғам акциялары мен бағалы қағаздарының нарықтық құнына елеулі ықпал ететін маңызды мәліметтер осы Ережедегі инсайдерлік ақпаратты құрайды, атап айтқанда: 
2.1.1. Қоғамның бірлескен жұмысы туралы ресми түрде жария етілген уақытқа дейінгі ақпараттар:
1) мәселелер тізбесі бойынша акционерлер жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлар назарына ұсынылуы тиіс. 
2) Қоғамның акциялар мен басқа бағалы қағаздар шығаруы және Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары, Қоғамның бағалы қағаздары туралы және өкілетті органның қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерді бекітуі, өкілетті органның қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы. 
3) Қоғамның ірі мәмілелер мен келісім барысында Қоғам мүдделілік танытатын мәмілелер жасауы; 
3-1) Қоғам активтерінің бес және одан көп пайыздарын құрайтын сомаға қоғам мүлкін кепілге (қайта кепілдендіруге) беру; 
4) Қоғамның меншіктік капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын көлемде қоғамның қарыз алуы; 
5) Қоғамның қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензиялар алу, қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін Қоғамның бұрын алынған лицензиялары қолданысын тоқтату немесе қысқарту; 
6) заңды тұлғаны құруға қоғамның қатысуы; 
7) қоғам мүлкіне тыйым салу; 
8) нәтижесінде теңгерімдік құны Қоғам активтерінің он және одан көп пайызын құраған Қоғам мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың туындауы; 
9) Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы; 
9-1) бірлескен дау бойынша сотта іс қозғау; 
10) Қоғамды ықтиярсыз қайта құру туралы шешiмдер;
11) Қоғамның Жарғысына, сонымен бірге Қоғамның бағалы қағаздарының анықтамалық шығарылымына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың мүддесін қозғайтын басқа жағдайлар. 
2.1.2. Қоғамның коммерциялық және басқа құпиялы мәліметтеріне жатқызылатын, ресми жария етілуге дейінгі мәліметтер.

3. ИНСАЙДЕРЛЕР

3.1. Қызметтік өкілеттіктері мен міндеттері аясында Қоғамның инсайдерлік ақпаратын білуге құқылы жеке тұлғалар және заңды тұлғалар осы ереженің инсайдерлері болып саналады, атап айтқанда:
3.1.1.Директорлар кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері, Қызмет директорлары, бірлестік хатшысы, Қоғамның ішкі аудит қызметінің қызметкерлері;
3.1.2. Өз қызметтері аясында инсайдерлік ақпарат алу мүмкіндігіне ие Қоғам қызметкерлері: 
– бірлесіп басқару бөлімінің бастығы мен барлық мамандары; 
– заң бөлімінің бастығы мен жетекші мамандары;
– бас есепшінің орынбасары, экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары;
– қаржы бөлімінің бастығы мен барлық мамандар; 
– келешекті жоспарлау бөлімінің бастығы мен барлық мамандар;
– қызметі лицензия негізінде жүзеге асырылатын бөлімдер мен қызметтердің басшылары. 
3.1.3. Сыртқы аудиторлар, тәуелсіз бағалаушылар, бағалы қағаз ұстаушылар тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушілер, кеңесшілер, жасалған және (немесе) жасалуы жоспарланған келісімдер, сонымен бірге Қоғаммен өзара әрекет ететін олардың сенімді тұлғалары.

4. ИНСАЙДЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ШЕКТЕУЛЕР

4.1. Қоғам инсайдерлік ақпаратты жариялағанға дейін инсайдерлер бұл ақпаратқа қатысты осы Ережеде қарастырылған құпия режимді сақтауға міндетті. 
4.2. Инсайдерлердің Қоғамның ішкі құжаттарымен және (немесе) қолданыстағы заңнамамен қарастырылған ақпараттардың жариялану жағдайын қоспағанда, Қоғамның өздеріне белгілі инсайдерлік ақпаратын жариялауға құқы жоқ. 
4.3. Инсайдерлердің Қоғамдағы өздерінің кәсіптік қызметтеріне байланысты емес және (немесе) Қоғаммен жасалған еңбек шарттарында қарастырылмаған мақсатта инсайдерлік ақпаратты пайдалануға құқы жоқ. 
4.4. Инсайдерлердің Қоғамның ішкі құжаттарымен және (немесе) қолданыстағы заңнамамен қарастырылған ақпараттардың жариялану жағдайын қоспағанда, жеке мүддесі мен үшінші тұлғаның мүддесі үшін, соның ішінде Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау үшін инсайдерлік ақпаратты пайдалануға, Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау мақсатында инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, сондай-ақ Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау бойынша қандай да бір ұсыныстар беруге құқы жоқ. 
4.5. Инсайдерлік ақпаратты жарияламау бойынша инсайдерлердің міндеттері (Қоғам оны ресми жариялағанға дейін) Қоғам қызметкерлері үшін Қоғамның инсайдерлермен жасаған еңбек шарттарындағы жағдайларға сәйкес немесе қызметтік нұсқамамен, басқа инсайдерлер үшін – тиісті шарттармен қарастырылуы тиіс. 
4.6. Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында Директорлар кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері, сондай-ақ Қоғамның ішкі аудит қызметінің қызметкерлері өздерінің Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау ниеті туралы оны жасағанға дейін, егер басқа жағдай Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылмаса, Қоғамның директорлар кеңесін жазбаша түрде хабарландыруға міндетті. 
4.7. Егер басқа жағдай қолданыстағы заңнамамен немесе Қоғамның ішкі актілерімен белгіленбеген болса, Қоғамның инсайдерлік ақпаратын ресми түрде жариялағанға дейін осы Ережемен белгіленген шектеулер оны пайдалану мен жариялау барысында өз күшін жояды.

5. ИНСАЙДЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ

5.1. Инсайдерлік ақпаратты Қоғамның ресми жариялауы оны қолданыстағы заңнамамен және (немесе) Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіп пен үлгіде жариялау болып саналады. 
5.2. Инсайдерлердің және басқа тұлғалардың инсайдерлік ақпаратты заңсыз жариялауы қолданыстағы заңнамамен және (немесе) Қоғам шеңберіндегі актілермен қарастырылған жағдайларда Қоғамды оны жариялау міндеттерінен шеттетпейді, сондай-ақ мұндай ақпаратты Қоғам ресми түрде жариялағанға дейін, оны пайдалану бойынша осы Ережемен белгіленген шектеулерді өзгертпейді. 
5.3. Инсайдерлік ақпараттың кейбір түрлері үшін жариялаудың арнайы тәртібі мен үлгілері қолданыстағы заңнамамен белгіленбеген жағдайларда, мұндай ақпаратты ресми жариялау Қоғам белгілеген тәртіп пен үлгіде жүзеге асырылады.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІК

6.1. Қоғамның инсайдерлік ақпаратты заңсыз жариялағаны және пайдаланғаны үшін инсайдерлер қолданыстағы заңнамаға, Қоғамның ішкі актілеріне, сондай-ақ Қоғаммен жасалған келісім шарттарына сәйкес жауапкершілік артады.