20.03.2014

Наурыз мейрамы

«Рахат» АҚ және «LOTTE Confectionery» компаниясы «Жанұя» мамандандырылған балалар кешені тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар таратты.

 

Компанияның «Жанұя» мамандандырылған кешенімен 15 жылдан астам бірлесе жұмыс істеген жылдары ішінде екеуара мейірімге толы, жақсы қарым-қатынас орнады.  2 Осы уақыт бойы «Рахат» фабрикасы балаларды өз өнімдерімен қуантып, кешен ғимараттары мен бөлмелеріне жөндеу жүргізуге көмектесті. Алғыс ретінде мекеменің тәрбиеленушілері өздерінің қамқоршыларына мерекелік концерт қойды. Балалар қазақ және орыс тілдерінде ән айтып, 3 би кешіне арналған көрікті костюм киген жұптар сахнаны айнала билеп, балдырғандар өлең оқыса, жеткіншектер шағын миниатюралар қойып, акробаттық өнерлерімен сүйсіндірді.

«Рахат» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сон Джонг Сик «Жанұя» кешенінің ұжымы мен ондағы балаларды құттықтап, сөз сөйледі:  4

– «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің келешекте бұдан да өркендеп, табысқа жетуіне тілектеспін. Мен Корей Республикасынан келдім, LOTTE Confectionery компаниясының осындағы өкілімін.

5 «Рахат» компаниясының бұрыннан қайырымдылық қызметімен қарқынды түрде айналысатынын білемін. Біз де бұл бағытты әрқашан қолдап, дамытып отырамыз деген ойдамын. Сыйлық жасау, әсіресе, оған мұқтаж жандарды қуанту бізді қанаттандырады. Өз Отанымызда да біз мүгедектер үйлеріне, балалар үйлеріне, ардагерлерге көмектесіп отырамыз. 6 Мұнда, Қазақстанда да осы жолды жалғастырмақпыз. Келесі айда басқа да балалар үйіне бару жоспарымызда және келешекте біздің тарапымыздан жан-жақты көмек көрсетілетін ұйымдардың саны міндетті түрде артатын болады»,- деді Сон мырза