28.09.2017

«Рахат» АҚ – «Жылдың ұлттық брендісі»

«Рахат» АҚ «Жылдың ұлттық брендісі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

28 қыркүйекте Алматы қаласында «L’Officiel Awards 2017» сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бір ай бойы қазақстандықтар мәдениет, өнер, кино, спорт және бизнес саласының ең лайықты өкілдерін таңдады. Әр аталым бойынша жеңімпаздар ең көп дауыс жинау деңгейіне қарай анықталды.