12.02.2009

дәстүрлі ISM 2009 кондитерлік және бисквит өнімдерінің 39-шы Халықаралық мамандырылған көрмесі

2009 жылғы ақпанның 1 мен 4 аралығында Кёльн қаласында (Германия) «Рахат» АҚ қатысқан, дәстүрлі ISM 2009 кондитерлік және бисквит өнімдерінің 39-шы Халықаралық мамандырылған көрмесі өтті.

ISM 2009 — бұл соңғы жылдары осы саладағы басты бағыттарды, өңделген технологияларды және жаңа өнімдерді талқылауға әлемнің әр түкпірінен көптеген сарапшылар жиналатын кәмпиттер мен кондитерлік өнімдердің әлемдегі ірі көрмесінің бірі. Осы жылы бұл шараға 65 елден 1,5 мың компания қатысып, барлық жаңа өнімдерді ұсынды: какао, шоколад, шоколад өнімдері, қантты кондитерлік өнімдер, бисквитті және қытырлақ нан өнімдері, снэк өнімдері, кәмпиттер, балмұздақтар мен шалафабрикаттар. Ұйымдастырушылар көрмеге қойып көрсету үшін тек қана буып-түйілген және даналап сатуға дайын өнімдерді ғана таңдап алды.

Көрме кондитерлерге бизнестегі потенциалды әріптестерімен кездесуге, келісімшарттарға қол қоюға, саланың болашақтағы дамуын талқылауға жақсы мүмкіншілік бердію Kehln1

 

«Рахат» АҚ үшін осы көрмеге қатысу жыл сайынғы дәстүр болып қалыптасқан. Осы жылы компания өзінің жетістіктері мен потенциалды мүмкіндіктерін көрсететін жаңарған, және кеңейген экспозицияларымен танылды. Көрмелік экспозицияларды қою, көрмелік витриналарды рәсімдеудегі ойластырылған эргономика, кондитерлік өнімдерді ашық дегустация жасау көрмеге қатысушылар мен келушілерге барлық көрсетілген кондитерлік өнімдермен танысып қана қоймай, «Рахат» АҚ-ның эксклюзивті өнімдерінің дәмін татып көруге мүмкіндік берді. Жекелеп алғанда тақта шоколадтардың кең түрі көрсетілді, оның ішінде құрамында какао өнімдері көп 62%-дан 80% шоколадтар. Өнімдердің осы түріне басқа елдердің өкілдері ерекше қызығушылық танытты, бұл соңғы уақыттағы белгіленген әлемдік кондитерлік өнімдер рыногы беталысынының «ащы» шоколадқа деген сұранысының өсуіне сәйкес екендігін көрсетеді. Сонымен қатар жаңа өнімдер көрсетілді: криспи – ірі қоспасы бар шоколад, «SAVARIN» сауда маркасымен шығарылады. «SAVARIN» сауда маркасымен шығарылатын өнім белгілі еуропалық кондитер құрметіне аталған, бұл өнімдер крем-карамель, капучино, цитрус криспиі қосылған жоғары сапалы какао бұршақтарынан жасалған сүт шоколадтардың сериясынан тұрады. Бұл өнім түрі ескерілмей қалмады және осы өнімге көптеген жақсы пікірлер айтылды. «Рахат» АҚ технологтары еуропалық әріптестерімен бірге өңдеп шығарған қантсыз өнімдердің жетістіктерін ерекше атап өту керек.

Kehln2 «Рахат» АҚ-на ингредиентті құрам, жоғары технологиялық деңгей, заманауи маркетингтік тұжырымдама көрме қатысушылары мен келушілері жоғары баға берген осындай тұтыну сапасы жоғары өнімдер өндіруге мүмкіншілік береді. Тағамдық өнеркәсіптің әр түрлі мамандарының сараптамалық бағалары өнімнің саладағы заманауи ғылыми-техникалық жетістік деңгейіне сәйкес келетіндігін дәлелдейді.

PRIVATE LABEL MANUFACTURERS ASSOCIATION директорлар кеңесінің шешімі бойынша “Рахат” АҚ “Жеке марка” өнімдерін өндіру ассоциациясының Халықаралық кеңесінің мүшесі болып сайланды. Қазіргі уақытта әлемнің 3200 компаниясы осы ұйымның мүшесі болып табылады. Бұл “Рахат” АҚ үшін компанияның жұмыс жылдары ішінде жеке марка рыногында қолжетімді бағада бәсекелестікке қабілетті өнімдер өндіретін сенімді және білікті әріптес беделіне лайық екендігінің тағыда бір дәлелі.