10.01.2017

Балалар шығармашылығы  байқау

«Рахат» компаниясы көпшіліктің ықылас танытатын балалар шығармашылығы  байқауын көп жыл бойы өткізіп келеді. Әдеттегідей, бұл байқау Жаңа жыл мерекесіне байланысты ұйымдастырылады, бірақ бір ерекшілігі 2017 жылы «Рахат» фабрикасы өз мерейтойын – 75 жылдығын атап өтпек, сондықтан бұл тақырып байқау жұмыстарында айрықша орын алды.

Дәстүрлі өткізілетін байқаудың танымалдығы жыл сайын артып келеді. Мұндай жарыстар балалардың қабілетін ашып, олардың шығармашылық тұрғыда дамуына жол ашады. Шығармашылық жұмысқа арқау болған баланың ішкі әлемінің қуаты қайнарынан асып, қарапайым құбылыстардың өзі ғажап көрініспен көз тартады.

Осы жылы байқауға алғаш рет ересектер де қатысты. Бөлімдердің және өндірістік цехтардың қызметкерлері балалардың шығармашылық эстафетасын қуана қолдап, әріптестерін  «Рахат» компаниясы көпшіліктің …шеберліктерімен таңқалдырды. Байқауға қатысқан үлкендердің қиялы шексіз,«Рахат» компаниясы көпшіліктің … шығармашылық жұмыстарды орындау барысында түймелер, шытыра-моншақтар, жібек ленталар, страздар, шыныдан жасалған нақыштар қолданылып, квиллинг техникасы бойынша орындалған шығармалар көз тартады.

Байқауға қатысушылардың барлығы да дарынды, жұмыстары айрықша әрі бір-бірін қайталамайтын нұсқада жасалған, әрбір жұмыс – өзінше көңіл-күйі, сипаты, стилі бар өнер туындысы. Өзгеше оймен ерекше жасалған туындыларға таң қаласың, қуанасың. Бұл байқау тағы да бізді шаттыққа керемет көңіл-күйге бөледі.

Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды. М. Әуезов атындағы театрда өткізілген Жаңа жылдық Шыршада байқауға қатысқан«Рахат» компаниясы көпшіліктің … жеткіншектер марапатталды.