19.05.2020

«Рахат» АҚ «халал» стандартына сәйкестікті растау бойынша қайта сертификаттаудан табысты өтті

  • ««Қазақстан халал индустриясы» ассоциациясы» «Рахат» АҚ-ының шоколад, кәмпит, печенье, вафля, сондай-ақ шоколад өндіретін жартылай дайын өнімдер сияқты 217 өнімінің «Халал» стандартына сәйкестігін растады. Ассоциация  сараптамашылары Шымкент қаласындағы өндііріс алаңымен қоса «Рахат» АҚ өндірісінің барлық сатыларын тексеруден өткізді. Кондитерлік өнімдерді әзірлеуге арналған шикізіт пен ингредиенттер бойынша жасалған құжаттамаға мұқият талдау жүргізілді. 2020 жылғы 28 наурызда қолданыс мерзімі 2021 жылғы 27 наурызға дейін  белгіленген № 472 сертификат берілді. 2020 жылғы 30 наурызда қолданыс мерзімі 2021 жылғы 29 наурызға дейін  «Рахат-Шымкент» ЖШС белгіленген № 471 сертификат берілді.