29.01.2018

ISM «International Sweets Market» көрмесі – Кельн қ. өткен 48-інші халықаралық кондитерлік көрме.

ISM көрмесі ұзақ жылдан бері барлық салалық бизнес пен коммуникацияға арналған басты платформалардың біріне айналды. Жетекші кондитерлік өнім өндірушілер арасында «Рахат» АҚ 12 жыл қатарынан осы көрмеге қатысып, өнімдерінің ауқымды экспозициясын көрсетті. Аталған іс-шара аясында «Рахат» АҚ-ының  көрме бұрышына келушілер жаңа өнім түрлерімен танысып, тәттілеріден дәм татты.