12.04.2017

«РАХАТ» АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ДИВИДЕНД ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ 2017 жылы 12 сәуірде, сағат 10.00-де өткен акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы «Рахат» АҚ акционерлеріне хабарлайды:

Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 330 690 дауыс немесе 100% ; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

Күн тәртібінің «Қоғамның жылдық жалпы жиналысы Есеп комиссиясының құрамы туралы» екінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

Осы кезге дейін қызмет атқарған есеп комиссиясының өкілеттігі тоқтатылсын және келесi құраммен жаңа есеп комиссиясы сайлансын:

– Есеп комиссиясының төрайымы:

 Садыкова Дана Тузельбаевна

– Есеп комиссиясының мүшелері:

 Омарова Алтынай Халыковна

 Палганова Зарина Ширяздановна

 Отанова Әйгерiм Жумаханқызы

 Кисикова Далиман Серикбаевна

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 330 690 дауыс немесе 100% ; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.