19.03.2017

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2017 жылы 12 сәуірде сағат 10.00-де «Рахат» АҚ атқару органы орналасқан мына: 050002 Алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжай бойынша төмендегі күн тәртібімен өтетін жылдық жалпы жиналысқа шақыру және өткізу туралы ақпаратты өз акционерлеріне хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы. 
2. Қоғамның жылдық жалпы жиналысы Есеп комиссиясының құрамы туралы 
3. 2016 жылғы «Рахат» АҚ аудиттеліп топтастырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы. 
4. 2016 жылғы «Рахат» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққанда дивиденд көлемін бекіту туралы шешім қабылдау.
5. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы. 
6. «Рахат» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және 2016 жылғы оларды қараудың қорытындылары туралы.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2017 жылы 12 сәуір сағат 08.00. 
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 2017 жылы 12 сәуір сағат 10.00. 
Қатысушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, «Рахат» АҚ жалпы жылдық жиналысы 2017 жылы 13 сәуірде сағат 10.00-де сол күн тәртібі бойынша аталған мекенжайда қайта өткізіледі. 
«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2017 жылғы 20 наурыз. 
Акционерлер күн тәртібі материалдарымен 2017 жылғы 28 наурыздан бастап сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қ. Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша орналасқан «Рахат» АҚ ғимаратында таныса алады. 
Анықтама телефоны: 8 (727) 258-47-14.