19.03.2020

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ  Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес өз акционерлеріне «Рахат» АҚ-ының атқарушы органы орналасқан мына мекенжай: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а бойынша 2020 жылы 28 сәуірде, жергілікті уақытпен сағат 10.00-де төмендегі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналыстың шақырылатынын және өткізілетінін  хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Қоғамның жылдық жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамы туралы
  3. «Рахат» АҚ 2019 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған, қаржылық есебін бекіту туралы.
  4. «Рахат» АҚ 2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акцияларға дивиденд төлеу бойынша шешім қабылдау және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы  дивиденд  көлемін  бекіту  туралы.
  5. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Манг Ко Ноның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  6. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
  7. «Рахат» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері және оларды 2019 жылы қарау қорытындылары туралы.

 

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2020 жылғы 28 сәуір, сағат 08.30.

Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 2020 жылғы 28 сәуір,  сағат 10.00.

Қатысушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, «Рахат» АҚ акционерлерінің  жылдық жалпы жиналысы 2020 жылы 29 сәуірде, сағат 10.00-де, аталған мекенжайда сол күн тәртібі бойынша қайта өткізіледі.

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің  тізімін жасау күні  – 2020 жылғы 08 сәуір.

Акционерлер Алматы қ. Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша орналасқан «Рахат» АҚ  ғимаратында 2020 жылғы 15 сәуірден бастап күн тәртібінің  материалдарымен сағат 08.30-дан 16.30-ға дейін  таныса алады.

 

Анықтама телефоны: 8 (727) 258-47-14.