11.03.2018

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес өз акционерлеріне «Рахат» АҚ атқарушы органы орналасқан мына мекенжай: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а бойынша 2018 жылы 05 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 10.00-де төмендегі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналыстың шақырылатыны және өткізілетіні туралы хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

1.Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
2. 2017 жылғы «Рахат» АҚ–тың аудит тексерісінен өткен, топтастырылған, қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. 2017 жылғы «Рахат» АҚ–тың таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ–тың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту бойынша шешім қабылдау туралы.
4. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы.
5. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ик У Намның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
6. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы.
7. «Рахат» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері және 2017 жылғы оларды қарау қорытындылары туралы.
Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2018 жылғы 05 сәуір, сағат 08.30.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 2018 жылғы 05 сәуір, сағат 10.00.
Қатысушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, «Рахат» АҚ–тың акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2018 жылы 06 сәуірде, сағат 10.00-де сол күн тәртібі бойынша аталған мекенжайда қайта өткізіледі.
«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2018 жылғы 15 наурыз.
Акционерлер күн тәртібі материалдарымен 2018 жылғы 19 наурыздан бастап сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қ. Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша орналасқан «Рахат» АҚ ғимаратында таныса алады.
Анықтама телефоны: 8 (727) 258-47-14