19.06.2010

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылғы 8 шілдеде сағат 16.00-де 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекен-жайы бойынша акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды. 

КҮН ТӘРТІБІ:

1. 2009 жылғы қаржылық-шаруашылық қызмет туралы Қоғам Басқармасының есебі.
2. Қоғамның 2009 жылғы аудиттеліп топтастырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 
3. Қоғамның 2009 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.
4. 2009 жылғы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағындағы ережелерге сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі ірі акционермен немесе директорлар кеңесімен, жалпы жиналыс өткізу уақытына дейін он бес күннен кешіктірілмей, осындай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне хабарланған жағдайда өзгертілуі мүмкін. 
«Рахат» АҚ акционерлерін акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.
«Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2010 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша «Рахат» АҚ акцияларын ұстаушылар тізіліміндегі мәліметтер негізінде жасалады. 
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы жергілікті уақытпен сағат 14.00-де. Тіркеудің аяқталуы сағат 16.00-де. Тіркеу акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орны бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден өту үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде іс-әрекет ететін акционердің өкілінде өзімен бірге сенімхат түпнұсқасы және жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет. 
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмыс материалдары акционерлерге танысу үшін 2010 жылғы 25 маусымнан бастап жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін «Рахат» АҚ атқарушы органы орналасқан мына мекенжай бойынша беріледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а. 
Жиналым болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама кезекті жылдық жалпы жиналысы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 16.00-де мына мекен-жайда өткізіледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.

Анықтама алу телефоны: 258-47-14.