25.04.2014

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі өз акционерлеріне 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша жылдық жалпы жиналыстың шақырылғанын және 2014 жылғы 27 мамыр күні сағат 16:00-де келесі күн тәртібі бойынша өтетінін хабарлайды:

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
2. Директорлар кеңесі мен Қоғам басқармасының 2013 жылғы жұмысы туралы есебін бекіту туралы. 
3. Қоғамның аудит тексерісінен өткен, 2013 жылғы жиынтық қаржылық есебін бекіту туралы.
4. Қоғамның 2013 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. 
5. «Рахат» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгеріс енгізу туралы.
6. «Рахат» АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 
7. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау және Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу көлемін белгілеу туралы.
8. Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініштері және олардың 2013 жылғы қаралу қорытындысы туралы.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – сағат 14:00.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – сағат 16:00.
Жиналмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жылдық жалпы жиналысы аталған мекенжай бойынша 2014 жылғы 28 мамырда, сағат 16:00-де осы күн тәртібімен өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2014 жылғы 15 мамыр.
Акционерлер күн тәртібі бойынша материалдармен 2014 жылғы 16 мамырдан бастап сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Қоғамның мына мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2а.
Анықтама телефоны: 258-47-14.