02.06.2020

«Рахат» АҚ акционерлеріне арналған ақпараттық хабарлама

 «Рахат» АҚ-тың директорлар кеңесі «Рахат» ақ акционерлерінің отырысы өткізілмей, алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша 2020 жылғы 28 мамырда болған акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен онда қабылданған шешімдер туралы хабарлайды:

 

Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша мына шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционелер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 302 дауыс немесе 99,99 %; «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – 400 дауыс немесе 0,01%.

 

Күн тәртібінің «Қоғамның жылдық жалпы жиналысының Есеп комиссиясының құрамы туралы» екінші мәселесі бойынша мына шешім қабылданды:

Есеп комиссиясының төрайымы Дана Тузельбаевна Садыкованың және Есеп комиссиясының мүшелері – Әйгерім Жумаханқызы Отанованың, Зарина Ширяздановна Палганованың өкілеттіктері тоқтатылсын және есеп комиссиясы мына құрамда сайлансын:

Есеп комиссиясының төрайымы:  Светлана Геннадьевна Рябченко;

Есеп комиссиясының мүшелері:    Алтынай Халыковна Омарова;

                                                               Далиман Серикбаевна Кисикова;

                                                               Жанат Ултанұлы Булегенов;

                                                               Анастасия Константиновна Калтурумиди.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционелер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 312 дауыс немесе 99,99 %; «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – 390 дауыс немесе 0,01 %.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ-тың 2019 жылғы топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» үшінші  мәселесі бойынша мына  шешім қабылданды:

Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ  2019 жылғы топтастырылған  қаржылық есебі бекітілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 402 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 012 дауыс немесе 99,99%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –                             390 дауыс немесе 0,01%.

  1 акционер күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша бюллетеньді бүлдіргендіктен, берілген дауыстарды санау кезінде оның дауысы есептелмейді.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

  1. «Рахат» АҚ 2019 жылғы таза табысы мына тәртіппен бөлінсін:

– таза табыстың 2.368.800.000 (екі миллиард үш жүз алпыс сегіз миллион сегіз жүз мың) теңге 00 тиын көлеміндегі бөлігі «Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын;

– 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 658 (алты жүз елу сегіз) теңге                        00 тиын мөлшерінде белгіленсін;

– «Рахат» АҚ дивиденд төленгеннен  кейін  қалған  таза табысы бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген  табысы  шотында қалдырылсын.

 

  1. Дивиденд төлеу тәртібі мен түрі былайша белгіленсін:

– дивиденд төлеудің басталу күні – 2020 жылғы 15 маусым;

– дивиденд төлеу мерзімі белгіленбесін;

– дивиденд  алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2020 жылғы 28 мамыр;

– дивиденд төлеу Қоғам орналасқан жерде қолма-қол ақшалай төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізілсін;

– дивиденд төлеуге  төлем агенті қатыспайды.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 702 дауыс немесе 100%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –                             жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі                                         Манг Ко Ноның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» бесінші мәселесі бойынша мына шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі  Манг Ко Ноның өкілеттігі осы шешім қабылданған күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 312 дауыс немесе 99,99%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –                             390 дауыс немесе 0,01%.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы» алтыншы мәселесі бойынша мына шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі болып  Чой Менрим (CHO MYEONGRIM) сайлансын.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 312 дауыс немесе 99,99%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –                             390 дауыс немесе 0,01%.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  мен  оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2019 жылы қарау қорытындылары туралы» жетінші  мәселесі бойынша мына шешім қабылданды:

««Рахат» АҚ  мен  оның  қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің  өтініш-арыздары  және  оларды 2019  жылы қарау қорытындылары туралы мәліметтер ескерілсін.

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 443 702 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 443 312 дауыс немесе 99,99%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» –                             390 дауыс немесе 0,01%.